Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы

      Бағдарламаның мақсаты: Нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту.

      Бағдарламаны іске асыру үш бағыт бойынша жүргізіледі:

      Бірінші бағыт «Бағдарлама қатысушыларын техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамту» бойынша жаңа мамандықтарға қайта даярлау бойынша оқыту жоспарланды.

      Қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың мерзімі кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды қоспағанда бір айдан алты айға дейін.

       Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға үміткерлер жұмыспен қамту орталықтарына/ауылдық округ немесе елді мекеннің әкіміне Бағдарламаға қатысу жөнінде өтінішпен келеді және тізімде көрсетілген құжаттарды ұсынады.

       Екінші бағыт: «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту».

       Бағдарламаның екінші бағыты келесі міндеттерді қарастырады:

1)      «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;

2)      кәсіпкерлік бастамаларды қолдау;

3)      қалалар мен ауылдарда несиелерге/шағын несиелерге кепілдік беру;

4)      жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттарды ұсыну.

      «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту кәсіпкерлік дағдыларына оқытуға бағытталған, соның ішінде ауыл шаруашылық кооперативтерінің құрылу принциптеріне, сондай-ақ бизнес жобаларды іске асыруға бағытталған.

      «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өткен Бағдарлама қатысушылары стипендиямен қамтамасыз етіледі.

      Оқу процесінде Бағдарлама қатысушыларына кәсіпкерлік негіздеріне оқыту үшін идеялар ұсынылады.

      Оқу процесінің жалпы ұзақтығы 25 күнтізбелік күннен аз емес.

      Оқуға үміткерлер кәсіпкерлер палатасының аудандық/қалалық филиалдарына/жұмыспен қамту орталықтарына/ауылдық округ немесе елді мекеннің әкіміне өтінішпен келеді және тізімде көрсетілген құжаттарды ұсынады.

       Несилер/шағын несиелер ауылдық елді мекендерде, моноқалаларда бизнес-жобаларды іске асыруды іске асыратын немесе жоспарлайтын Бағдарлама қатысушыларына беріледі.

       Бағдарламаның қатысушылары халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелгеніне қарамастан, өзін-өзі жұмыспен қамтитындар, әрекет етуші және жаңа бастап жатқан кәсіпкерлер, ауылшаруашылық кооперативтері және олардың мүшелері болып табылады.

        Бағдарлама қатысушыларының несиені/шағын несиені алу үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес оның салық органдарында тіркелуі және Жұмыспен қамту орталығынан жолдаманың болуы негізгі шарт болып табылады.

      Үміткерлер тікелей аудандық филиалдар/ ауылдық округ немесе елді мекеннің әкіміне келесі құжаттарымен келеді:

1)      жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелері;

2)      кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жөнінде құжаттың көшірмелері (куәлік, свидетельство, сертификат).

       Үшінші бағыт: «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту»

       Бағдарламаның үшінші бағыты мемлекеттік қолдаудың келесі шараларын қарастырады:

1)      әлеуметтік кәсіптік бейімделу, мамандықты таңдауға көмек, оқыту мен жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша кеңестер;

2)      лайық бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;

3)      әлеуметтік жұмыс орындарын құру;

4)      жастар тәжірибесін ұйымдастыру;

5)      қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру.

       Бағдарламаның қатысушылары жұмыспен қамтуға қолдау алатын адамдар, жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыздар және Заңға сәйкес құқықтарын қолданатын басқа адамдар болып табылады.

© 2007—2019 Информационный портал Аппарата акима Абайского района