Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

Ереже

"Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі"

мемлекеттік мекемесінің

Ережесі

 

  1. 1. Жалпы ереже

        

1. «Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретіне сәйкес стратегиялық, экономикалық, бюджеттік жоспарлау және  аудандық бюджеттің орындалуын, аудандық бюджеттің орындалуы бойынша бухгалтерлік, бюджеттік есеп және бюджеттік есептілікті жүргізуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

         2. «Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметтерін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Президентінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

4. «Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса мемлекеттің  атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен «Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес бекітіледі.

8. Местонахождение  юридического лица: Республика Казахстан, 8. Заңды тұлғасының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Абай қаласы, 100101, Жеңіс даңғылы, 3.

9. Мемлекеттік органның толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде: государственное учреждение  «Отдел экономики и финансов Абайского района».

10. Осы Ереже «Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

12. «Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

 

  1. 2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

13. «Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы стратегиялық мақсаттар мен басымдықтарды, аймақтың экономикасының тұрақты дамуына мүмкіндік туғызатын ауданның бюджеттік жоспарлау және әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары мен ауданның бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізуді қалыптастыру, тікелей және соңғы нәтижелерге жетуге бағытталған бюджетті атқаруды қамтамасыз ету болып табылады.

14. Міндеттері:     

1)       ауданның бюджеттік жоспарлау және әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарының басымдықтарын қалыптастыру;

2)       ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізінде үшжылдық кезеңге арналған аудан бюджетінің жобасын әзірлеу;

3) бюджеттік есепті жүргізу және аудандық бюджетті атқару бойынша бюджеттік есептілікті жасау;

4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен жүктелген басқа да міндеттерді атқару.

15. Функциялары:

1)                бес жылдық кезеңге арналған Абай ауданының әлеуметтік-экономикалық даму Болжамын әзірлеу және бюджеттік жоспарлау бойынша өкілетті органдармен келісу (ҚР Бюджеттік Кодексі 11 т., ҚР Президентінің 2014 жылғы 17 маусымдағы №840 «ҚР мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығының 3.8. тармағы, ҚР 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабы, Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 04 желтоқсандағы №58 бұйрығымен бекітілген «ҚР мемлекеттік жоспарлау жүйесінің кейбір мәселелері туралы»);

2)                бес жылдық кезеңге арналған Абай ауданының даму Бағдарламасының мониторингі (жылсайын) (ҚР Бюджеттік Кодексі 11 т., ҚР Президентінің 2014 жылғы 17 маусымдағы №840 «ҚР мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығының 3.8. тармағы, ҚР 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабы, Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 04 желтоқсандағы №58 бұйрығымен бекітілген «ҚР мемлекеттік жоспарлау жүйесінің кейбір мәселелері туралы»);

3)                ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің мониторингі (жылсайын) (ҚР Бюджеттік Кодексі, ҚР Салық Кодексі, ҚР Президентінің 2014 жылғы 17 маусымдағы №840 «ҚР мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығы, ҚР 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы);

4)                ауылдық елді мекендердің әлеуметік-экономикалық даму мониторингі (жылсайын) (ҚР Бюджеттік Кодексі, ҚР 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабы, 2016 жылғы 30 шілдедегі №449 өзгертулер есебімен ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 Қаулысымен бекітілген «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы, ҚР Премьер Минстрінің бірінші орынбасарының 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №235/ОД «Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орта және жоғары ауылдық елді мекендерді анықтауға арналған өлшемдерді бекіту туралы» бұйрығы);

   5)  ауылдық елді мекендерге тұру және жұмыс істеу үшін келген әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссияның жұмысын ұйымдастыру (ҚР Бюджеттік Кодексі,  2015 жылғы 27 ақпандағы №99 өзгертулер есебімен ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 қаулысымен бектілген ауылдық елді мекендерге тұру және жұмыс істеу үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөндіріс кешені мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын беру ережесі);

 6)  ауылдық елді мекендерге тұру және жұмыс істеу үшін келген әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бойынша жұмыстар жүргізу: құжаттарды тіркеу, қабылдау, әлеуметтік қолдау шараларын беру туралы Келісім жасасу, көтерме жәрдемақы алушылардың жеке дербес шоттарына көтерме жәрдемақы сомасын аудару, бюджеттік несие сомасын аудару және сенім агенті қызметінің төлемі, қарыз келісім шарттары бойынша міндеттемелерді орындау жөніндегі есеп (ҚР Бюджеттік Кодексі,  2015 жылғы 27 ақпандағы №99 өзгертулер есебімен ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 қаулысымен бектілген ауылдық елді мекендерге тұру және жұмыс істеу үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөндіріс кешені мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын беру ережесі);  

 7) аудан бюджетінен қаржыланатын мемлекеттік инвестициялық жобалар бойынша экономикалық қорытындыларды дайындау және мемлекеттік инвестициялық ұсыныстарды қарастыру (ҚР Бюджеттік Кодексі, ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы №129 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидалары);

8)  жергілікті мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыру мониторингі (ҚР Бюджеттік Кодексі, ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы №129 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидалары);

9)  бюджеттік комиссияның жұмысын ұйымдастыру (ҚР Бюджеттік Кодексінің 57-59 баптары);

10) үш жылдық кезеңге арналған бюджет түсімдерін болжамдау ҚР Бюджеттік Кодексі, ҚР Салық Кодексі, Қазақстан Республикасының қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі №404 бұйрығымен бекітілген «Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесін бекіту туралы», Қазақстан Республикасының ұлттық экономика Министрінің м.а. 2015 жылғы 21 қаңтардағы №34 бұйрығымен бекітілген «Бюджет түсімдерін болжау Әдістемесін бекіту туралы», Қазақстан Республикасының қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы»);

11) Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына трансферттер беру (Қазақстан Республикалысының Бюджеттік кодексінің 35 бабы, ҚР қаржы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы №195 бұйрығымен бекітілген жергілікті өзін-өзі басқару басқару органдарына трансферттер беру ережесі)

12)  жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімгерлерінің бюджеттік бағдарлама жобаларын қарастыру және келісу (Қазақстан Республикалысының Бюджеттік кодексінің 32-39 баптары,  2015 жылғы 13 наурыздағы өзгертулер есебімен ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №195 бұйрығымен бекітілген бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарлама) және олардың мазмұна қойылатын талаптарлы әзірлеу және бекіту (қайта бекіту);

13) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау және оларды бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне дейін жеткізу (Бюджеттік кодекстің 65-1 бабы, ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қазандағы №59 бұйрығымен бекітілген бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау қағидалары);

 14) бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарастыру, олардың бюджеттік заңнама талаптарына сай келмесе толықтыруға қайтару (ҚР бюджеттік кодексінің 67 бабы, ҚР қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы №511 бұйрығымен бекітілген бюджеттік өтінімдерді жасау және ұсыну ережесі);

15) 3 жылдық кезеңге арналған аудан бюджетінің жобасын әзірлеу және жасау (ҚР бюджеттік кодексінің 73 бабы)

16) бюджет түсімдерінің орындалуына таладау жүргізу (тоқсан сайын 25 күніне дейін, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі, ҚР қаржы министрінің 2009 жылғы 16 ақпандағы №68 бұйрығымен бекітілген бюджеттік мониторинг жүргізу ережесі);

17) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларын, төлемдер бойынша  түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарларын жасау, бекіту және жүргізу  (Қазақстан Республикасының бюджеттік кодексінің 85 бабы 1 тармағы, 2014 жылы 4 желтоқсанда бекітілген №54 бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 2 тармағы);

18) 3 жылдық кезеңге арналған аудан бюджетін нақтылау және түзету (ҚР бюджеттік кодексінің 109-111 баптары)

19) бюджеттің атқарылу көрсеткіштерін тұрақты және жүйелі жинау, бақылап отыру және талдау арқылы бюджеттік мониторингті жүзеге асыру (ҚР қаржы министрінің 2009 жылғы 16 ақпандағы №68 бұйрығымен бекітілген бюджеттік мониторингті жүргізу бойынша нұсқаулық);

20) аудандық бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік есеп және есептілікті жүргізу (ҚР қаржы министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы №495 бұйрығымен бекітілген бюджеттік есепті жүргізу ережесі);

21) шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау (ҚР қаржы министрінің 2013 жылғы 30 қазандағы №500 бұйрығымен бекітілген бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидалары);

22) бюджеттік есептілікті жасау (ҚР қаржы министрінің 2014 жылғы 1 шілдедегі №324 бұйрығымен бекітілген бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну қағидасы);

23) бюджеттің орындалуы жөніндегі жылдық есепті жасау (Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 131 бабы);

24) бюджет қаражаттарының басқару тиімділігін бағалау (ҚР қаржы Министрінің 2012 жылғы 10 қаңтардағы №9 бұйрығымен бекітілген  мемлекеттік органның бюджет қаражаттарын басқару тиімділігін бағалау әдістемесі);

25) жергілікті атқарушы органдардың резервтерінде көзделген қаражаттар шегінде ақша бөлу туралы анықтаманы қарастыру (Қазақстан республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №325 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану ережесі).

26) Абай ауданының әкіміне және (немесе) Абай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарларына ауданның әлеуметтік-экономикалық даму, бюджеттік жоспарлау және бюджеттің орындалуы мәселелері бойынша аналитикалық ақпараттар, анықтамалар дайындау;

27) мемлекеттік органның құзырына кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобасын әзірлеу;

16. Құқықтары мен міндеттері:

1) Абай ауданының әкіміне, әкімдігіне әлеуметтік-экономикалық даму, бюджеттік жоспарлау және бюджеттің орындалуы мәселелері бойынша ұсыныстарды енгізеді;

 2)  ауданның мемлекеттік органдары, ауылдық және кенттер әкімдіктері өз құзыреті шегінде Абай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарының келісімі бойынша ақпараттық-аналитикалық материалдар дайындайды және ұсынады;

3) өз құзыреті шегінде Абай ауданының әкімі және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілер жобасын дайындайды;

4) өз құзыреті шегінде ауданның мемлекеттік органдарынан, ауылдық және кенттер әкімдіктерінен, мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалардан және басқа да ұйымдар мен жеке тұлғалардан қажетті ақпараттар мен құжаттарды сұрайды және ала алады;

5)  республикалық бюджет туралы заңына немесе мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бюджеттік комиссиясының ұсыныстары негізінде бюджеттік бағдарламалар бойынша операцияларды тоқтата тұруға құқылы, бюджет қаражатын қысқарту туралы шешім қабылдайды;

6) Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

 

  1. 3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

17. «Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  басшылығын «Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

18. «Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  бірінші басшысы аудан әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

19. «Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  бірінші басшысының орынбасары болады, ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

20. «Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі  бірінші басшының өкілеттігі:

1) мемлекеттік мекеменің жұмыстарын басқарады және мекемеге жүктелген міндеттерді орындауға және өз қызметтерін жүзеге асыруға қызметтік жауапты болады;

2) мемлекеттік мекеменің жұмыскерлерін заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босата алады;

3)  заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне көтермелеу шаралары және тәртіптік жаза қолданады;

4) өз құзыретіне сәйкес бұйрықтар шығарады;

21. «Абай ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы              болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.  

 

  1. 4. Мемлекеттік органның мүлкі

 

22. «Абай ауданының экономика және қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

23. «Абай ауданының экономика және қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

24. «Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне  бекiтiлген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлiктi өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

  1. 5.  Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату  

26. «Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

© 2007—2019 Информационный портал Аппарата акима Абайского района