Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

«Самарка ауылдық округінің аумағына карантин белгілеу туралы

ЖОБА
Самар ауылдық округінің
аумағына карантин белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес, Абай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 25 тамыздағы № 07-1-1-24/145 ұсынысының негізінде Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Ірі қара малы арасында қарасан ауруының шығуына байланысты Самар ауылдық округі аумағына карантин белгілеу.
2. Ветеринариялық-санитариялық және сауықтыру іс-шаралары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өткізілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылауды салаға басшылық ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Абай ауданының әкімі
Б. Асанов

© 2007—2019 Информационный портал Аппарата акима Абайского района