Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

Есенгелді ауылдық округінің Пахотное ауылы аумағында орналасқан «Амантай» шаруа қожалығындағы шектеу шараларын тоқтату туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 18 ) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі  «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Абай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 14 маусымына № 07-1-1-22/127 ұсынысының негізінде Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Есенгелді ауылдық округінің Пахотное ауылы аумағында орналасқан «Амантай» шаруа қожалығындағы шектеу шаралары тоқтатылсын.

2. Абай ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 18 шілдедегі № 28/01 «Есенгелді ауылдық округі Пахотное ауылының аумағында орналасқан «Амантай» шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4878 болып тіркелген, 2018 жылғы 28 шілдедегі № 29(4224) «Абай Ақиқат» аудандық газетінде, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2018 жылғы 27 шілдеде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің осы салаға басшылық ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі

 

                                     

                                                          

© 2007—2019 Информационный портал Аппарата акима Абайского района