Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

«Абай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекеменің

Ережесі

 

  1. 1.     Жалпы ережелер

1.«Абай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-бөлім) Абай ауданы бойынша тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы саласында өз құзіреті шегінде функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

2. Бөлімде келесі ведомствалық кәсіпорындар бар:

1. «Жігер-Су» КМК; 2. «Абайлық жылу жүйелері» ЖШС; 3. «Абай-Көркем» ЖШС; 4. «Жол Қызмет» КМК. 

3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзгеде нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. Бөлім егер заңнамаға сәйкес уәкілетті болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Абай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. Бөлімнің  құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы,100101, Қарағанды облысы, Абай қаласы, Абай көшесі, 26 құрылыс.

10. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:

 мемлекеттік тілде - «Абай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде – государственное учреждение «Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта, автомобильных дорог и жилищной инспекции Абайского района».

11. Осы Ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

4

12. Бөлімнің қаржылық қызметі  жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

13. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен  бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.  

Егер бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

        

 

         14. Бөлімнің миссиясы: аудан территориясында («Автокөлік тасымалдау туралы» ҚР Заңы, «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына, «Автокөлік жолдары туралы» ҚР Заңына сәйкес) тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы, абаттандыру және жасылдандыру саласында мемлекеттік саясатты өткізу.

15.Міндеттері:

         1)      Ауданның тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы қызметін үйлестіру;

         2)      Коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту;

         3)      Көліктің барлық түрлерімен жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру;

         4)      Жергілікті деңгейдегі жолдардың құрылыс, жөндеу және күтімі бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

         5)      Абаттандыру және жасылдандыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

         16. Функциялары:

         1)      автокөлік жолдары мен жолаушылар тасымалдау көлігі қызметінің, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының және аудан мен елді мекендерді абаттандырудың ағымды және келешектегі міндеттерін шешуге бағытталған даму бағдарламалары мен концепцияларды әзірлеу және жүзеге асыру;

         2)      ауданның тұрғын үй қорын оңтайландыру бойынша жұмыстар ұйымдастыру, объектілерді (тұратын, тұрмайтын) коммуналдық меншікке тапсыру бойынша жұмыстар жүргізу, сот органдарында талапкер және жауапкер ретінде қатысу. Өз атынан шарттарға отыру (жалгерлік, жалдау және жекешелендіру);

         3) коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді таратуды ұйымдастырады;

         4) коммуналдық тұрғын үй қорын сақтауды ұйымдастырады;

         5) тұрғын үй түгендеуді жүргізеді;

         6) апатты үйді бұзуды ұйымдастырады;

         7) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес азаматтардың жеке категорияларын тұрғын үймен қамтамасыз етеді;

         8) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қарастырылған шарттарына және Қазақстан Республикасының Үкіметімен анықталған тәртіпте

 

5

коммуналдық тұрғын үй қорынан азаматтардың меншігіне беруді жүзеге асырады;

         9) тұрғын үй қорының пайдалануға жататын және сақтау бойынша кондоминиум нысанының басқарма органының қызметін бақылау бойынша тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастырады;

         10) аудан аумағындағы электр желілерінің, магистралдық жылу желілерінің, жылу көздерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етумен, отынның нормативтік қорын қамтамасыз етумен, сумен қамтамасыз ету жүйелерінің қызмет етуі және су құбырларын, инженерлік инфрақұрылым объектілерін пайдалану бойынша аудан тұрғындарын үздіксіз су-, жылу-, электрэнергиясымен қамтамасыз етумен байланысты жұмыстар кешенін жүзеге асыру;

         11) ауданның коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары мен мекемелері қызметінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету;

         12) ауданның елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру және тазарту бойынша кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдармен бірлесіп жұмыстарды ұйымдастыру;

         13) тұрғын үй коммуналдық қызметтерінің бәсекелестік нарығын қалыптастыруға ат салысады;

         14) тұрғын үй коммуналдық қызметінің жағдайын талдайды және аудан әкіміне тиісті ұсыныстар енгізеді;

         15)    Қазақстан Республикасының заңдылықтарына және осы ережеге сәйкес мемлекеттік сатып алудың барлық түрлерін өткізу («Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР заңына сәйкес);

         16) Қолданыстағы тарифтердің, пайдалану нормаларының, және коммуналдық қызметтердің жеткізілу сапасының мониторингін жүргізеді және оларды оңтайландыру бойынша бір-біріне бағынышты құзыретті мекемелер жүйесіне ұсыныстар енгізеді;

         17)    есептеу құралдарын орнату бойынша жұмыстарды үйлестіреді;

         18)    тұрғын үйлерді қысқы пайдалануға және қысқы мерзімге дайындық бойынша шаралардың өткізілуін қадағалайды;

         19) энергоүнемдеу және энерготиімділік саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

         20)    аудан территориясындағы тасымалдауды жүзеге асыратын және меншік формасына қатысты емес жолаушыларды тасымалдау кәсіпорыны жұмысын, шартта қарастырылған функцияларды орындау, тарифтерді сақтаумен жүкті және жолаушылар тасымалдау ережесін орындауды бақылауды жүзеге асырады;

         21)    төтенше жағдайлар туындаған кезде тасымалдауды уақытша тоқтату туралы шешім қабылдауға қатысады;

         22)    жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды ұйымдастырып өткізеді;

         23) көлік кәсіпорындарының Қазақстан Республикасының заңдылықтарын орындауын және көлік қызметінің мемлекеттік бақылауын орындау бойынша тапсырыс берушінің қызметін атқарады;

        

6

24) жергілікті деңгейдегі жолдардың құрылысы, жөндеуі және күтімі бойынша жұмыстар ұйымдастырады;

         25) жергілікті мағынадағы жолдарды ұстау және рационалды пайдалануды қамтамасыз ету;

         26) аудандық маңызы бар жолдарды пайдалануды және ұстауды ұйымдастырады;

         27) жаңа автокөлік жолдары құрылысы және жаңарту бойынша жұмыстарды орындауда құрылыс нормаларын сақтауда техникалық бақылауды жүзеге асырады; (ҚР «ҚР-да сәулет және қала құрлысы туралы» Заңына сәйкес);

         28) тұрақты республика ішілік автомобильдерді тасымалдау маршруттарына қызмет жасау құқығына куәлік беру;

         29) ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қаладан тыс қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау;

         30) аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру;

         31) 110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталама (шунтталатын) электр беру желілері мен шағын станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру;

         32) күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт астам немесе белгіленген жылу қуаты сағатына 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз теңгерімінде 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары кернеудегі электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға әзірлік паспортын беру;

         33) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы;

         34) Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру;

         35) мемлекеттік кәсіпорынның не мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру;

         36) мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер-жайды жекешелендіру;

         37) Заңға қайшы келмейтін басқада функцияларды орындау.

 

         17. Бөлімнің  құқықтары және міндеттері:

         басқа мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерден ақпартты алуға және сұрауға;

         жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыруға.

 

7

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

         18. Бөлімнің басшысы  бөлімге  жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшымен жүзеге асырылады.

         19. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес  аудан әкімімен  қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

         20. Бөлімнің бірінші басшысының орынбасары бар.

         21. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:

         1) өз құзіреті шегінде бұйрықтар, нұсқамалар шығарады және бөлімнің барлық мамандары орындауға міндетті нұсқаулар береді; 

         2) мемлекеттік органды барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде ұсынады;

         3) бөлімнің қызметкерлерін қызметінен босатады және белгілейді;

         4) бөлім қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін анықтайды;

         5) заңды және жеке тұлғалармен келісім шартар жасасады;

         6) азаматтарды жеке қабылдайды;

         7) өз құзіреті шегінде басқада міндеттерді жүзеге асырады.

Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

 

22. Бөлім заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

23. Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

24. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

25. Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

27. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

© 2007—2019 Информационный портал Аппарата акима Абайского района