Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

«Қалалық қатынаста жолаушыларды және багажды тұрақты автомобильдік тасымалдауға арналған тарифті белгілеу туралы»

ЖОБА

 

«Қалалық қатынаста
жолаушыларды және багажды
тұрақты автомобильдік тасымалдауға
арналған тарифті белгілеу туралы»

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына,  Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі   «Автомобиль көлігі туралы» Заңның 19 бабына, 2015 жылғы 24 желтоқсандағы №50/549 «Абай қаласының қала ішіндегі бағдарларына тұрақты автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдауға тарифті келісу туралы» Абай ауданының мәслихатының              50 сессияның шешіміне сәйкес, Абай ауданының  әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Абай қаласында жолушыларды және багажды тұрақты қалалық автомобильдік тасымалдау тарифі 50 (Елу) теңге болып белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау салаға басшылық ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Абай ауданының әкімі 
С. Шайдаров
 


 

© 2007—2019 Информационный портал Аппарата акима Абайского района