Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

Бөлімнің паспорты


Абай ауданының ауыл шаруашылығы
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің туралы
Ережесі

1. Жалпы ережелер

1. «Абай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ауданның агроөнеркәсіптік кешені жүйесінде мемлекеттік саясат саласында, басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Абай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3) «Абай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Абай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. «Абай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. «Абай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. «Абай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Абай ауданының мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. «Абай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100100, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Абай ауданы, Абай қаласы, 3 ықшам аудан, 43 құрылыс.
10. Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлекеттік тілде - «Абай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
орыс тілінде - государственное учреждение «Отдел сельского хозяйства Абайского района»

11. Осы Ереже «Абай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. «Абай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
13. «Абай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің кәсіпкерлік субъектілерімен «Абай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Абай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. «Абай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі миссиясы:
аграрлық сектордың даму концепцияларын, жобалау тенденцияларын талдауын жүзеге асыру және оның келешегін анықтау және нарықтық қарым-қатынас шарттарында ауданда аграрлы саясатты жүргізу.
15. Міндеттері:
1) бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнiмiн және оның қайта өңдеу өнiмдерiн өндiрудің экономикалық жағдайларын жасау;
2) мемлекеттiң азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
3) заңнамамен жүктелген басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
16. Функциялары:
1) агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерiн «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына және осы саладағы басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;
2) агроөнеркәсіптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргiзу және оны облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) беру;
3) Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилермен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру;

4) Тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдер, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмiрлiк белгi беру;
5) Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнің, өздiгiнен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу;
6) Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу;
7) Тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерге, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат ұсыну;
8) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асыру;
9) қатынаста әкімгер болып табылатын бюджеттік бағдарламалар нәтижесіне жету және орындау, жаңару, жоспарлау;
10) өз құзырындағы іс-шараларды іске асыру, іс-шара жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлықтың пайда болуына қарсы әрекет жасау, сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша іс-шаралар жоспарын қалалық және аумақтық міндетті орындауда қамтамасыз ету;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) өз функцияларын орындау мақсатында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан қажетті құжаттарды, ақпараттарды сұрау және алу;
2) өз құзырына жататын мәселелерді шешуді қарау жөнінде қала әкімі мен әкімдігіне ұсыныстар енгізу;
3) өз өкілеттігінің шеңберінде халықаралық көрмелерге, жәрмеңкелерге, аукциондарға, симпозиумдар мен өзге шараларды өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға қатысу;

4) Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы саласындағы заңдары бұзылған жағдайда сотқа талап қою;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен ұсынылған басқа да құқықтарды пайдаланады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18.«Абай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Абай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19.«Абай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
20.«Абай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) өз құзыретінің шегінде бұйрықтар, нұсқаулар шығарады және «Абай ауданының ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі барлық құрылымдық бөлімшелерімен орындалуға міндетті нұсқаулар береді, келісім-шарттарды жасайды;
2) «Абай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімдер туралы Ережені бекітеді;
3) мемлекеттік мекеме қызметшілерін жұмысқа тағайындайды және жұмыстан босатады, олардың міндеттері мен өкілеттілігін анықтайды;
4) заңнамаға сәйкес барлық органдар мен ұйымдарда мемлекеттік мекеме атынан шығуға өкілетті;
5) мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкіміне бекітілген тәртіпке сай шешімдер мен қаулылар жобасын ұсына алады;
6) заңмен белгіленген тәртіппен «Абай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
7) құжаттардың орындау барысын ұйымдастырады және бақылауын жүргізеді, олардың сақтығына жауап береді;
8) сыбайлас жемқорлықтың барлық түріне қарсы әрекет жасау жұмыстарын ұйымдастырады;
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы жасалатын әрекетке жеке басы жауапты;
10) басқа да құқықтары бар, сондай-ақ заңнамаларға сәйкес жаупкершілік атқарады.
«Абай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
21. Бірінші басшы қызметкерлердің өкiлеттiгiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

4. Мемлекеттік органның мүлкi

22. «Абай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.
«Абай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23.«Абай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Абай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiкті алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

25. «Абай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

© 2007—2019 Информационный портал Аппарата акима Абайского района