Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

Абай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 шілдедегі №24/07 және 2015 жылғы 08 желтоқсандағы №40/05 қаулысының күшін жою және Абай ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер с

ЖОБА

Абай ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 24 шілдедегі №24/07 және
2015 жылғы 08 желтоқсандағы №40/05
қаулысының күшін жою және
Абай ауданының пайдаланылмайтын
ауыл шаруашылығы  мақсатындағы
жерлерге жер салығының
базалық мөлшерлемелерін және
бірыңғай жер салығының
мөлшерлемелерін
жоғарылату туралы


Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының  2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Салық кодексінің 386 бабының 5 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының  2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Салық кодексіне өзгерістер енгізуіне байланысты, Абай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Абай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 шілдедегі №24/07 «Абай ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы  мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» және Абай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 08 желтоқсандағы №40/05 қаулыларының күші жойылсын.
2. Абай ауданының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері 10 (он) есеге жоғарылатылсын және бекітілсін.
3. Осы қаулы Абай ауданы мәслихатының сессиясына қарастыруға  енгізілсін және бекітілсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға басшылық ететін Абай ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.


Абай ауданының әкімі
С. Шайдаров
 


 

© 2007—2019 Информационный портал Аппарата акима Абайского района