Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

Бұйрығы

«Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру», «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» және «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 257 бұйрығына өзгерiстер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру», «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» және «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 257 бұйрығының 2 қосымшасына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11018 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 5 маусымда жарияланған) мынадай өзгерiстер енгізілсін:
4 тармағының 1) тармақшасы:
«Техникалық және технологиялық қиын емес объектілерді жобалауға арналған өтінішті қарау мерзімі:
- СТЖ және техникалық жағдайларды беруге өтінішіті берген күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнінен аспайды;
- бастапқы-рұқсат беру материалдарының толық топтамасын (СТЖ, техникалық жағдайлар, бөлшектеп жоспарлау жобасынан көшірме, жолдың және көшенің тік көлденең таңбасы, сыртқы инженерлік желілер трассасының схемасы) алу 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды.
Техникалық және (немесе) технологиялық қиын объектілерді жобалауға арналған өтінішті қарау мерзімі:
- СТЖ және техникалық жағдайларды беруге өтінішіті берген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды;
- бастапқы-рұқсат беру материалдарының толық топтамасын (СТЖ, техникалық жағдайлар, бөлшектеп жоспарлау жобасынан көшірме, жолдың және көшенің тік көлденең таңбасы, сыртқы инженерлік желілер трассасының схемасы) алу 17 (он жеті) жұмыс күнінен аспайды.
Қызмет беруші қызмет алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті қарауы тоқтату туралы жазбаша дәлелді жауап береді;» мынадай редакцияда жазылсын;
9 тармағының 1) тармақшасын алып тастау;
9 тармағының 2) мен 3) тармақшалары:
«1) мемлекеттік корпорацияға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін);
тапсырыс беруші бекіткен жобалауға арналған тапсырма;
жер учаскесіне құқық беретін құжаттың көшірмесі немесе жергілікті атқарушы органның реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы шешімі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық шарттарға арналған сауалнама парағы (бұдан әрі – сауалнама парағы);
топографиялық түсірілім (мемлекеттік көрсетілетін қызметті тек ғана техникалық шарттармен алу үшін керек емес).
2) порталға өтініш берген кезде:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жер учаскесіне құқық беретін құжаттың көшірмесі немесе жергілікті атқарушы органның реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы шешімінің электрондық көшірмесі;
тапсырыс беруші бекіткен, жобалауға арналған тапсырманың электрондық көшірмесі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшаға сәйкес техникалық шарттарға арналған сауалнама парағының электронды көшірмесі;
топографиялық түсірілімнің электронды көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызметті тек ғана техникалық шарттармен алу үшін керек емес).» мынадай редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2 қосымшасың осы бұйрықтың 1 қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада бекітілген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің баспа және электрондық түрде мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпараттар орталығына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 наурызда қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі Е. Досаев

© 2007—2019 Информационный портал Аппарата акима Абайского района