Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

Абай аудандық мәслихаты хатшысының алғы сөзі

 

Құрметті достар!
Бүгінгі күні мемлекеттік басқаруға, оның қызметінің нәтижесін көтеру мен сапасын жақсартуға және мемлекеттік қызметтің қол жетімділігіне бағытталған іргелі реформаларды жүргізуге барынша арттырылған талаптар қойылуда. Жетілдіруге ұмтылыс өзіне ашықтық, шынайылық және есеп беруге міндеттілік, азаматтарды мемлекеттің өміріне қатысуға тарту және демократияны кеңейту сияқты мақсаттарды қамтиды. Сайттың мақсаты Абай аудандық мәслихатының қызметі туралы ақпаратттарды неғұрлым жедел жеткізу, жергілікті өкілдік билік органының сайлаушылармен әрекеттестігі мүмкіндігін кеңейту, ауданның тіршілік әрекетінің барлық мәселелері жөнінде түсініктемелер беру болып табылады. Біз өзара ынтымақтастыққа, аудан тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға тиісті маңызды мәселелерді шешуде барлық мүдделі тұлғалардың белсенді түрде қатысатынына сенеміз.

Құрметпен,
Абай аудандық мәслихатының хатшысы
Б. А. Цай
 

© 2007—2019 Информационный портал Аппарата акима Абайского района