Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

Депутаттардың өмірбаяндары

    № 1 сайлау округі



    ЛОЗИНСКИЙ Михаил Зиновьевич
1959 жылғы 17 шілдеде Қарағанды облысы Саран қаласында дүниеге келді, білімі жоғары.
1976 жылы Абай қаласындағы № 10 орта мектепті аяқтағаннан кейін Калинин атындағы шахтада жер асты электр слесары болып жұмыс істеді. 1977-1980 жылдары Әскери-теңіз флотында қызмет етті.
Әскерден қайтарылғаннан кейін институттағы оқумен қатар  Калинин атындағы шахтада жұмыс істеді. Қазіргі кезде әкімшілік мәселелер бойынша директор орынбасары лауазымында «Арселор Миттал Теміртау» КД АҚ «Абай» шахтасында жұмыс істейді.
Абай аудандық мәслихатының 5 шақырылымының депутаты болып сайланды.
Қабылдау:
Абай көп салалы колледжі ғимаратында, Абай қаласы, Карл Маркс көшесі, 3/5
әр айдың 3-ші жұмасында 17-00-ден 18-00-ге дейін жүргізіледі.

№ 1 сайлау округінің шекарасы.

 

№ 2 сайлау округі

ПАНАСИДИ ОКСАНА ЮРЬЕВНА

       1973 жылғы 13 мамырда Қарағанды облысының Абай қаласында дүниеге келді, білімі жоғары.
2002 жылдан 2009 жылға дейін Қарағанды политехникалық колледжінің Абай филиалында гуманитарлық пәндердің оқытушысы болып қызмет атқарды.
2009 жылдан 2015 жылға дейін Орталық-Қазақстан Академиясында – аға оқытушы болып жұмыс істеді.
2010 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Позитивное развитие» ЖМ-нің директоры, тәжірибеші психологы болып табылады.
Қазақстан мен Ресейдің кәсіби психотерапиялық бірлестігінің шынайы мүшесі. Абай ауданының Әйелдердің Саяси Көшбасшылық мектебінің басшысы.

Қабылдау:
Абай қаласының № 10 МГ ғимаратында (2 ықшам аудан)
Әр айдың 4-ші сәрсенбесінде 16-00-ден 17-00-ге дейін жүргізіледі.

№ 2  сайлау округінің шекарасы.

 

№ 3 сайлау округі

ЦАЙ  Борис Александрович
1951 жылғы 22 мамырда Қарағанды қаласында дүниеге келді, білімі жоғары.
Еңбек қызметін 1968 жылдан бастап Абай қаласында Абай кен-жөндеу зауытында токарь оқушысы болып бастады. 1969 жылдың қаңтарынан маусымына дейін Калинин атындағы шахтаның жоғарғыдағы кен слесары болды. 1969 жылдан 1971 жылға дейін Кеңес Әскерінде қызмет өтті. 1971 жылдан 1972 жылға дейін Абай қалалық білім беру бөлімінің № 5 ОМ дене шынықтырумен тәрбиелеу мұғалімі болды. 1972 жылдан 1996 жылға дейін Абай тігін фабрикасында нұсқаушы-әдіскер болып жұмыс істеді. 1996  жылдан 2003 жылға дейін Абай қалалық білім беру бөлімінің ОРБЖСМ директоры болып істеді.
Абай аудандық мәслихатының 3,4,5 шақырылымдарының депутаты болып сайланды.
2003 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Абай аудандық мәслихатының  хатшысы болып сайланды.

Қабылдау:
Абай қаласының музыка мектебі К.Маркс көшесі 43
айдың 2-ші сәрсенбесінде 16-00-ден 17-00-ге дейін жүргізіледі.

№ 3  сайлау округінің шекарасы.

 

№ 4 сайлау округі

ПОДВЫСОЦКИЙ ВИТАЛИЙ СТАНИСЛАВОВИЧ


1970 жылғы 13 тамызда Қарағанды қаласында  дүниеге келген, білімі орта арнайы білім.
1989 жылдан 1991 жылға дейін Кеңес Әскері қатарында қызмет етті.
1991 жылдың маусымынан бастап Октябрь революциясының 50 жылдығы атындағы шахтасында электр слесарь болып жұмыс істеді.
1994 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікпен айналысады.

Қабылдау:
№ 14 мектеп-лицейі ғимаратында, К.Маркс көшесі, 39
айдың 2-ші сәрсенбесінде 16-00-ден 17-00-ге дейін жүргізіледі.

№ 4  сайлау округінің шекарасы.

 

                              № 5 сайлау округі

  МҰСАҒАЛИЕВ  Рысмағамбет
1954 жылғы 4 қаңтарда Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауылында дүниеге келді, білімі жоғары.
1971 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін еңбек жолын Егіндібұлақ ауданы Қоянды ауылында шопан көмекшісі болып бастады.
1979 жылдан 1997 жылға дейін Қаратау ауылының бөлімше зоотехнигы, бригадир-зоотехнигі, Егіндібұлақ аудандық арнайы шаруашылық бөлімшесінің бас зоотехнигы болып қызмет етті.
1997 жылдан бастап Абай ауданы әкімдігінің төтенше жағдайлар бойынша бас маманы, Абай жол басқармасының бас инженері, ауылшаруашылық Министрлігінің Абай аудандық аумақтық басқармасының маманы және бастықтың орынбасары болып жұмыс істеді. 
2002 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін  Абай ауданы мемлекеттік мұрағатының директоры болып жұмыс істейді.
Абай аудандық мәслихатының 3,4,5 шақырылымдарының депутаты болып сайланды.

Қабылдау:
Абай қаласының № 1 ОМ ғимаратында, Абай қаласы,  Гагарин көш,1
айдың 2-ші сәрсенбесінде  16-00-ден 17-00-ге дейін жүргізіледі.

№ 5  сайлау округінің шекарасы.

 

                                                         № 6 сайлау округі

                                                       Искакова Ләззат Игібайқызы
Жезқазған облысының Қаражал қаласында 1967 жылы 25 қазанда дүниеге келді, білімі жоғары.
1987 жылдан 1993 Қарағанды мемлекеттік медициналық институтында оқуда болды.
1993 жылдан бастап Абай қаласының орталық ауруханасында учаскелік терапевт болып жұмыс істеді.
2011 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін емханалық жұмыстар бойынша директордың орынбасары лауазымында жұмыс істейді.

Қабылдау:
Абай қаласының Мәдениет үйі ғимаратында, Абай көшесі, 23 а
айдың 4-ші сәрсенбісінде сағат 17-00-ден 18-00-ге дейін жүргізеді.

№ 6  сайлау округінің шекарасы.

 

 

№ 7 сайлау округі

ҚАНЖЕКЕЕВ Қаркен Әбдірахманұлы
1955 жылғы 12 сәуірде Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде  туылған, білімі жоғары.
         Шерубай-Нұра бекетінде жол жөндеушісі  болып жұмыс істеген. 1981 жылдан 1999 жылға дейін Қарағанды облысының Мичурин совхоз-техникумы – бас зоотехник, мал шаруашылығы саласының бастығы болып жұмыс істеген.
1999 жылдан қазіргі уақытқа дейін – Абай ауданы Агрогородок ауылының «Тұлпар» шаруа қожалығының бастығы.
Абай аудандық мәслихатының 4,5 шақырылымдарының депутаты болып сайланды.
Қабылдау:
№ 4 ОМ ғимаратында, Вольный кенті, айдың 4-ші сәрсенбісі 16-00-ден 17-00-ге дейін
№ 12 ОМ ғимаратында, Абай қаласы, Школьная 12, айдың 4-ші сәрсенбісі 14-00-ден 15-00-ге дейін  жүргізіледі.

№ 7  сайлау округінің шекарасы.

 

№ 8 сайлау округі

ЧЕРЕПАНОВ Владимир Иванович
1954 жылғы 8 қарашада Қарағанды облысы Саран қаласында дүниеге келді, білімі жоғары.
1971 жылдан бастап Қарағанды ГРЭС-2 САЭМС жөндеу учаскесінде темір ұстасының оқушысы болып жұмыс істей бастады.
Аға ұста, цех бастығының орынбасары, Жанармай көлік цехының бастығы, Жөндеу механикалық цехының бастығы, ГРЭС-2 директорының орынбасары қызметтерін атқарды.
«Қарағанды Энерго» ӨБ Бас Директорының бірінші орынбасары болып  қызмет етті.

         2008 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Kazakhmys Energy» ЖШС ГРЭС директоры болып істейді.

Абай аудандық мәслихатының 2,3,4,5 шақырылымдарының депутаты болып сайланды.

Қабылдау:
Топар кенті әкімдігінің ғимаратында, айдың 2-ші сенбісі, 11-00-ден 12-00-ге дейін
Қарабас кенті әкімдігінің ғимаратында айдың 2-ші сенбісінде 13-00-ден 14-00-ге дейін жүргізіледі.

№ 8  сайлау округінің шекарасы.

 

 

№ 9 сайлау округі



ӘЛДЕБЕРГЕНОВА Қорлан Қазбекқызы

1960 жылғы 5 шілдеде дүниеге келген, білімі жоғары. Қарағанды облысы Құрма ауылының тумасы. Өз еңбек қызметін 1977 жылы Абай тігін фабрикасында тігінші моторшы болып бастаған. 1979 жылдан бастап ҚарГРЭС-2 химиялық цехында зертханашы, 1982 жылдан бастап ауысымды инженер, 1987 жылдан бастап химиялық цехтың технигі, 1994 жылдан бастап осы кәсіпорынның химиялық зертханасының меңгерушісі.
1998 жылдан бастап «Kazakhmys Energy» ЖШС ГРЭС химиялық цехының бастығы.
           Абай аудандық мәслихатының 4,5 шақырылымдарының депутаты болып сайланды.

Қабылдау:
Топар кенті әкімдігінің ғимаратында,  айдың 3-ші сәрсенбісінде 17-00-ден 18-00-ге дейін жүргізіледі.

№ 9  сайлау округінің шекарасы.

 

№ 10 сайлау округі



БЕЛАН  Наталья Григорьевна
1958 жылғы 16 қыркүйекте Қарағанды облысының Топар кентінде дүниеге келген, білімі жоғары.
1975 жылы Топар кентінде № 16 орта мектепті аяқтады. 1984 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын бала дәрігері мамандығы бойынша бітірді. 1984 жылдан бастап аудандық бала дәрігері, бала мен босанатын әйелдерге көмек көрсету бойынша бас директордың орынбасары, медициналық қамтамасыз ету бойынша орынбасар, бас дәрігер қызметтерінде жұмыс істеді.
Қазіргі кезде «Абай ауданының орталық аудандық ауруханысы» КМҚК директоры болып қызмет етеді.
Абай аудандық мәслихатының 3,4,5 шақырылымдарының депутаты болып сайланды.

Қабылдау:
Топар кенті әкімдігінің ғимаратында, айдың 2-ші жұмасында 16-00-ден 17-00-ге дейін жүргізіледі.

№ 10  сайлау округінің шекарасы.

 

№ 11 сайлау округі

 Думан Мақсатұлы
ТҮСЕНОВ

         1991 жылы 2 маусымда Қарағанды облысы Абай ауданының Топар кентінде дүниеге келді, білімі жоғары.
2011 жылы Топар кентіндегі №8 кәсіптік лицейінде арнайы пәндер оқытушысы болды.
2013 жылдан 2014 жылға дейін «Абай ауданының жастармен жұмыс жасау орталығы» КММ-де жастармен жұмыс бойынша  нұсқаушы болып жұмыс істеді.
2014 жылдан бастап «Абай ауданының жастармен жұмыс жасау орталығы» КММ директорының міндетін атқарушы болып қызмет жасайды.

Қабылдау:
Южный кенті әкімдігінің ғимаратында, айдың 3-ші сәрсенбісі, 17-00-ден 18-00-ге дейін
Көксу ауылы әкімдігінің ғимаратында айдың 3-ші сәрсенбісінде 15-00-ден 16-00-ге дейін жүргізіледі.

№  11  сайлау округінің шекарасы.

 

№ 12 сайлау округі


Нұржан Сағынтайұлы Әбішев
1980 жылғы 27 сәуірде Қарағанды облысы  Нұра ауданының  Киевка кентінде дүниеге келді, білімі жоғары.
2001 жылдан 2007 жылға дейін  Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Абай ауылында Абай атындағы орта мектепте дене шыныктыру пәні мұғалімі болып қызмет атқарған.
2007 жылдан бастап  Қарағанды облысы Абай ауданының Қоянды  орта мектебінде жұмыс істейді.
2008 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қоянды орта мектебінің директоры.

Қабылдау:
Самарка ауылы әкімдігінің ғимаратында  айдың 4-ші жұмасында 10-00-ден 11-00-ге дейін
Сәрепті ауылы әкімдігінің ғимаратында айдың 4-ші жұмасында 12-00-ден 13-00-ге дейін
Есенгелді ауылы әкімдігінің ғимаратында айдың 4-ші жұмасында 14-00-ден 15-00-ге дейін
Юбилейное ауылы әкімдігінің ғимаратында әр айдың 4-ші жұмасында 17-00-ден 18-00-ге дейін жүргізіледі.

№ 12  сайлау округінің шекарасы.

 

№ 13 сайлау округі

Инна Вячеславовна Соколова

 1973 жылғы 2 сәуірде  Қарағанды облысы  Мичурин ауданының  Көксу ауылында дүниеге келді, білімі жоғары.
1993 жылы Көксу орта мектебіне бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеді. 2006 жылдан бастап «Ақбота» мектеп-балабақша кешені» ММ-де жұмыс істейді. 2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Ақбота «мектеп-балабақша кешені» КММ директоры болып тағайындалды. 

Қабылдау:
Қарағанды а/о ауылы әкімдігінің ғимаратында, айдың 4-ші жұмасында 10-00-ден 11-00-ге дейін
№ 8 ОМ ғимаратында, Қызыл кенті, айдың 3-ші жұмасында 10-00-ден 11-00-ге дейін
Новый Караган ауыл мектебінің ғимаратында, айдың 2-ші жұмасында 10-00-ден 11-00-ге дейін
Мичурин а/о әкімдігі ғимаратында, айдың 3-ші жұмасында 10-00-ден 11-00-ге дейін
Көксу а/о әкімідігі ғимаратында, айдың 3-ші жұмасында 10-00-ден 11-00-ге дейін

жүргізіледі.

№ 13  сайлау округінің шекарасы.

 

№ 14 сайлау округі

Саяхат Саятұлы Ыбышев
1979 жылы 13 қазанда Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Ақтоғай аулында дүниеге келді, білі жоғары.
2000 жылдан бастап БҚО «Атырау ТЭЦ» АҚ-ның жоспарлау бөлімінде экономист мамандығы бойынша жұмыс істеді. 2001-2002 жылдары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері  қатарында болды. 2003 жылдан 2007 жылға дейін Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы бойынша салық комитетінде маман болып жұмыс істеді. 2007 жылдан 2014 жылға дейін  әр түрлі салада басшы қызметін атқарды – «Взгляд на события» Республикалық газетінің директоры, Жарық беру компаниясының директоры, «Қарағанды СУ» ЖШС келісу бөлімінің басшысы, «Қарағанды- Жарық» ЖШС материалдық - техникалық жабдықтау бөлімінің басшысы, су негізіндегі бояу материалдарын өндіру  заводының директоры болып жұмыс жасады.
2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін  «Сарыарқа АӨК» ЖШС бас директоры.

Қабылдау:
Құрма ауылы әкімдігінің ғимаратында, айдың 4-ші сейсенбісі 16-00-ден 17-00-ге дейін
Ақбастау ауылы әкімдігінің ғимаратында , айдың 4-ші сейсенбісі  14-00-ден 15-00-ге дейін
Құлаайғыр ауылдық клубының ғимаратында , айдың 4-ші жұмасында 17-00-ден 18-00-ге дейін
Қарабас кенті әкімдігінің ғимаратында, айдың 3-ші сейсенбісі 11-00-ден 12-00-ге дейін  жүргізіледі.

 № 14  сайлау округінің шекарасы.

 

№ 15 сайлау округі

Титковская Татьяна Владимировна

Қарағанды облысының Саран қаласында 1965 жылы 1 наурызда туылған, жоғары білімді. 1984 жылдан 1997 жылға дейін Дубовка ауылындаға "Сказка" бала бақшасында, 1998 жылдан 2011 жылға дейін Дубовкадағы орта мектепте жұмыс істеді. 2011 жылдан бастап Дубовка ауылындағы Балалар өнер мектебінде оқу-тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары болды, қазіргі кезде директордың міндетін атқарушы.

Қабылдау:

Дубовка ауылы әкімдігінің ғимаратында  айдың 4-ші сәрсенбісі
15-00-ден 16-00-ге дейін

 № 15  сайлау округінің шекарасы.

© 2007—2019 Информационный портал Аппарата акима Абайского района