Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

Абай ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау бойынша конкурс туралы хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 Қаулысымен бекітілген, Қоғамдық кеңестер туралы Үлгілік ережеге сәйкес Абай аудандық мәслихаты Абай ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау бойынша конкурс жариялайды.

         Қоғамдық кеңесті сайлау бойынша конкурсқа ұсынылатын құжаттардың тізбесі:

1. коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) Қоғамдық кеңестің құрамына өз кандидатурасын ұсыну туралы азаматтың өтініші  (үлгі қоса беріліп отыр);

2. кандидаттың автобиографиялық деректері көрсетілген кәсіби және (немесе) қоғамдық қызметтері туралы мәліметтер (үлгі қоса беріліп отыр).

3. Жеке куәліктің көшірмесі, білімі туралы диплом, кандидаттың наградалары туралы куәліктер;

4. фото 4х6 – 1 шт.

Қоғамдық кеңестің мүшелерін сайлау бойынша конкурсқа құжаттар тапсырудың мерзімі: 2018 жылғы 17 наурыздан 2018 жылғы 29 наурызға дейін.

Конкурсқа құжаттарды қабылдау мына мекенжай бойынша жүзеге асырырылады:  100100 Абай ауданы,  Абай қ., Жеңіс даңғылы, 3, «Абай аудандық мәслихатының аппараты» ММ № 17 кабинет , тел. 4-36-58.

 

                   «Абай аудандық мәслихатының аппараты» ММ

Дата редактирования: 11 Ақпан 2019 15:56
© 2007—2019 Информационный портал Аппарата акима Абайского района