Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

Жылдық жұмыс жоспары

Абай аудандық мәслихатының 2019 жылға арналған жұмыс
ЖОСПАРЫ

I Б Ө Л І М
Аудандық мәслихаттың сессияларында қаралсын
I тоқсан / наурыз/

  1. Абай ауданында  ҚР “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” Заңын іске асыру туралы.
  2. Абай қаласының, Дубовка ауылы мен Қарағанды а/о әкімдерінің атқарылған жұмыстар туралы есептері.

II тоқсан /маусым/

  1. 2018 жылғы аудандық бюджеттің орындалуы туралы есеп.

2. 2018-2019 жылдардағы жылу кезеңінің қорытындылары және 2019-2020 жылдардағы жылу кезеңіне дайындық туралы.
3. Топар к., Южный к., Мичурин а/о әкімдерінің атқарылған жұмыстар туралы есептері.

ІІІ тоқсан /қыркүйек/

  1. Жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы Абай ауданы әкімінің   есебі.
  2. “Абай қаласының орталық ауруханасы” КМҚК медициналық қызметтер көрсетуін жақсарту бойынша  жағдайлар мен шаралар туралы.

 

IV тоқсан /желтоқсан/

  1. 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджетті бекіту туралы.
  2. Абай аудандық мәслихаты хатшысының 2019 жылғы атқарылған жұмыстар туралы есебі.

/ желтоқсан/
1. Аудандық маңызы бар қаланың, кенттердің, ауылдық округтердің 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттері туралы.
II Б Ө Л І М

Тұрақты комиссияның отырыстарында қаралсын

Экономика, тұрғын үй коммуналдық
шаруашылығы және аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия

  1. Абай ауданында кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру туралы /сәуір/.

         2. 2018 жылғы аудандық бюджеттің орындалуы туралы есеп /мамыр/.

Әлеуметтік құқықтық мәселелер  жөніндегі тұрақты комиссия

        1. Ақпараттар, мемлекеттілікті нығайту, тілдерді дамыту және мәдениет саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі “Абай ауданының мәдениет, ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі” ММ жұмысы туралы /ақпан/.                  
2. Абай ауданының аумағында ветеринарлық-санитарлық бақылауды ұйымдастыру жөніндегі ветеринарлық қызметтің жұмысы туралы /сәуір/.
3. Абай ауданында дене тәрбиесі және спортты дамыту бойынша шаралар мен жағдайлар туралы /қазан/.

IV Б Ө Л І М
«Бақылау күні»

     1. Аудандық мәслихаттың  2017 жылғы 15 наурыздағы  28 сессиясының № 28/307 “Абай ауданының аумағында діни қызметтер саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру туралы” /қазан/.

V Б Ө Л І М
Жария тыңдаулар

     Тұрақты комиссияның бірлескен отырысында аудан аумағында орналасқан мемлекеттік құрылымдардың, коммуналдық кәсіпорындардың бірінші басшыларының атқарған жұмыстары туралы  және одан арғы келешектері туралы тыңдалсын.

  1.   Аудан аумағындағы көркейту және санитарлық ұстау бойынша іс-шаралар туралы  /сәуір/.
  2.   Абай ауданының аумағында сумен қамтамасыз ету және су тарту жүйесін дамыту туралы /қазан /.

 

Аудандық мәслихат
аппаратының басшысы                                               И. Янч                     

© 2007—2019 Информационный портал Аппарата акима Абайского района