Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

Выборы

 

БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ

  2011 жылғы 4 ақпанда Орталық сайлау комиссиясы
2011 жылғы 3 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі шаралардың күнтізбелік жоспарын бекітті

2011 жылғы 4 ақпанда Орталық сайлау комиссиясы 2011 жылғы 3 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі шаралардың күнтізбелік жоспарын бекітті
Қазақстан Республикасының Констиуциясына сәйкес, ел Президентін Қазақстан Республикасының азаматтары жалпыға бiрдей, тең және төте  сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды.
Президент болып тумысынан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын қырық жасқа толған,  мемлекеттік тілді еркін меңгерген және Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын азамат сайлана алады.
Президенттікке кандидаттарды ұсыну 2011 жылғы 5 ақпанда басталады және 20 ақпанда аяқталады.
Президенттiкке кандидаттар  ұсынуға саяси партиялар мен республикалық қоғамдық бiрлестiктер, сондай-ақ өзін-өзі ұсыну тәртібімен - азаматтар құқылы.
Сайлаушылардың Президенттiкке кандидатты қолдауы олардың қол жинауы арқылы расталады. Әрбір Президенттiкке кандидат ең аз дегенде еліміздің 14 облысының кемінде 9-ның, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларының атынан теңдей өкілдік ететін 91 мың қол жинауы тиіс.
Президенттікке кандидаттарды тіркеу кандидаттар барлық қажетті құжаттарды ұсынғаннан кейін басталады және 2011 жылғы 2 наурызда аяқталады.
Президенттікке кандидат тіркелгенге дейін және оның Конституциямен және сайлау туралы заңмен қойылатын талаптарға сәйкес келуін тексеруден өткеннен кейін, сондай-ақ оны қолдап жиналған қолдарды тексергеннен кейін Орталық сайлау комиссиясының шотына 800 мың теңгеге жуық көлемде жарна аударады.
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)  тiркеуге дейін тұрғылықты жерi бойынша салық органдарына 2011 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша  табысы мен мүлкі туралы декларациялар ұсынады. 
Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың сайлауалды үгіті 3 наурызда басталады және 1 сәуірде 24.00 сағатта аяқталады.
Дауыс беру күннің алдындағы күні және дауыс беретін күні үгіт жүргізуге тыйым салынған.
Шетелдіктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың сайлауда белгiлi бір нәтижеге қол жеткiзуге кедергі болатын немесе демеп жіберетін қызметті жүзеге асыруына тыйым салынады.
Президент сайлауы республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Кандидаттардың бұқаралық сайлауалды шараларын өткізуге және кандидаттардың сайлау заңнамасымен көзделген үгіт материалдарын шығаруға байланысты шығындары, сондай-ақ кандидаттардың көліктік шығындары Орталық сайлау комиссиясы  белгілеген мөлшерде бюджеттік қаражат есебінен өтеледі.
Бюджеттен бөлінген қаражатқа аумақтық сайлау комиссиялары иелік етеді және оның мақсатты пайдаланылуы үшін жауапкершілікті алады.
Үгіт науқанын жүргізу үшін Президенттікке кандидаттар сайлау қорларын құруға құқылы. Президенттікке кандидаттың сайлау қорының шекті мөлшері 431 млн. 973 мың теңгені құрайды.
Бұл қорлардың қаражат көздеріне және жұмсалуына заңнамаға сәйкес қаржылық мониторинг жүргізілетін болады.
Сайлаушылардың толық және дәл тізімдерін жергілікті атқарушы органдар тиісті сайлау комиссияларына 13 наурыздан кешіктірмей жолдауы тиіс, ал 18 наурыздан бастап тізімдер  азаматтардың танысуы үшін ұсынылуы керек.
Азаматты сайлаушылар тізіміне енгізуге оның тұрғылықты жері бойынша нақтылы сайлау учаскесінің аумағында тіркелуі негіз болады.
Азамат өзінің тұрақты тіркелу орнынан тысқары кететіндей болса, 18 наурыз бен 2 сәуір күнгі 18.00-ге дейінгі аралықта өз учаскелік сайлау комиссиясына барып, дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін беру туралы өтініш білдіруіне болады.
Дауыс беру 3 сәуір күні жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат жетіден кешкі сағат 20.00-ге дейін жүретін болады.
Орталық сайлау комиссиясы Президент сайлауының қорытындысын 9 сәуірден кешіктірмей анықтауы және тиісті қаулы қабылдауы керек.
Сондай-ақ Ортсайлаукомның отырысында «2011 жылғы 3 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы бойынша сайлау құжаттары нысандарын белгілеу туралы» қаулы қабылданды.
Отырыстан кейін өткен брифингте Ортсайлауком Басшысы «Сайлау науқаны барысында сайлау комиссиялары сайлауды ұйымдастыру, әзірлеу мен өткізудің негізгі ұстанымдары ашықтық, жариялылық пен транспаренттіктің сақталуына айрықша көңіл бөлуі тиіс. Бұған сайлауды әзірлеу мен өткізу барысын байқауға отандық және шетелдік байқаушылардың қатысуы да ықпал ететін болады»,- деп атап өтті.
Сондай-ақ Қуандық Тұрғанқұлов Ортсайлауком алдағы сайлауда «Сайлау» ААЖ-сы пайдаланылмайды деген пікірге тоқтап отырғанын айтты, және сайлауды әзірлеу мен өткізу кезеңінде тұрақты жұмыс істейтін баспасөз орталығының ашылғандығы туралы хабардар етті.

© 2007—2018 Информационный портал Аппарата акима Абайского района