Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

Аударманы сөз етсек

14 Сентября 2009
Қазіргі таңда мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу көбіне орыс тілінен қазақ тіліне аударма жасау арқылы жүзеге асады. Сондықтан да аудармашының жүгі ауыр, ол білікті маман әрі екі тілді жетік білуі керек.
Қазіргі таңда мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу көбіне орыс тілінен қазақ тіліне аударма жасау арқылы жүзеге асады. Сондықтан да аудармашының жүгі ауыр, ол білікті маман әрі екі тілді жетік білуі керек. Егер қазір мемлекеттік тілде құжаттама толтыратын мамандар аз десек, онда аударманың сапасына көңіл бөлу қажет. «Абай-Ақиқат» газетінде кейде жарымжан аудармалар бірнеше рет қайталанғанда «осы қадағаланбай ма?» деген сұрақ туады. Мысалға, газеттің 2009 жылғы 24 шілдедегі №32 санында (7 бет) жарияланған конкурс туралы мынадай сөйлем бар: «Конкурс келесі ережелер негізінде өтеді: азаматтық қызметке орналасу және азаматтық қызмет бос лауазымына орналасуға конкурсы жариялайды, конкурс республикалық бұқаралық ақпаратта жарияланған («Егемен Қазақстан» газеті 21.11.2007ж. №361 және «Казахстанская правда» газеті 04.10.2007ж., №155). Бұның дұрысы: «Конкурс республикалық көпшілік ақпарат құралдарында («Егемен Қазақстан» газеті, 21.11.2007ж., №361 және «Казахстанкая правда» газеті, 04.10.2007ж., №155) жарияланған азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу Ережелері негізінде өткізіледі». Бұдан әрі құжаттар тапсыруға байланысты мәліметті орысша оқып алғанша негізгі мазмұнын түсінуі қиын болды. Ел болайық десек, тілдің беделін түсірмейік, ағайын! Рахым Аққайша, Абай қаласының тұрғыны
© 2007—2017 Информационный портал Аппарата акима Абайского района