Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

Қазақ тілін оқыту барысында мектепке дейінгі балалардың

 

Қазақ тілін оқыту барысында мектепке дейінгі балалардың
 рухани-адамгершілік дамуын ұйымдастыру

«Таңшолпан» балабақша – мектеп кешенінің
қазақ тілі мұғалімі Жүкенова А.А.

    Тіл – елдің елдігі мен еркіндігінің кепілі. Қандай ұлттың болмасын ұлылығын, кісілік қабілетін, биік парасатын танытуда тілден артық күш жоқ. Адамды мұратқа жеткізетін оның ана тілі мен ата дәстүрі. Тәуелсіз елімізде болып жатқан өзгерістер мектеп пен балабақша жұмысына елеулі жаңалықтар әкеліп отырғаны сөзсіз. Сондықтан оқыту-тәрбиелеу барысында ұлттық мәдениетке аса көңіл аударып, жүзеге асыру жолдары таңдалып алынды.
    Жалпыадамдық мәдениет барша адамзат үшін ортақ бола алмайды. Әр баланың әлемді қабылдауының өз жеке ерекшелігі болады, ал осыны оқыту мен тәрбиелеуде тілдік жағдайды ерекше құрып ұйымдастыруды қажет етеді. «Таңшолпан» балабақша-мектеп кешенінде жас ұрпақты ежелгі халық тәрбиесінің  үлгісімен адамгершілік қасиетке үйрету, ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді балалардың санасына бекіту, ұлтымыздың дүниетанымдық бай тәжірибесін жалғастыру бағытына көп көңіл бөлінеді. Қазақ тілі мұғалімі ретіндегі мақсатым - этномәдениеттік білім беру кеңістігі негізінде мектепке дейінгі балалардың рухани - адамгершілік дамуын ұйымдастыру.
Балалардың рухани-адамгершілік қажеттілігінің жоғарғы баспалдағы өзін-өзі дамыту болып табылады, олар: танымдық қабілеті, өзін-өзі сендіру, өзін-өзі көрсете білуі, өз-өзін анықтау, өзінің қоғамдағы маңыздылығын дәлелдеу қасиеттерін дамыту. Баланың өмірдегі қажеттілігін қанағаттандыра алу  үшін тілдік қарым-қатынасты, жайлы әлеуметтік ортаны қалыптастыру қажет.
Тіл мен мәдениетті бөле-жара қарауға болмайтыны белгілі. Басқа тілде сөйлейтін балалар үшін өзге тіл  бөтен және ұзақ уақытқа жабық күйінде қалады, өйткені оған тілдік кеңістік кедергі келтіреді. Сондықтан өзге ұлт балаларын қазақ тіліне үйретуде оқу орталықтарын балаларға бейімдеп жасау керек.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан» атты Жолдауында мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыты «Қазақстан халқының рухани дамуына» көп көңіл бөлініп, мәдениет құндылықтары мен салт-дәстүрге қолдау көрсету керектігі атап айтылды.
Көпшілік қауым өздерінің этномәдениеттік қажеттілігі туралы, мемлекеттік білім беру құрылымдарына ұлттық мәдениет пен тілдік қызмет қандай көмек көрсете білетінін де біле бермейді.
Біздің тәжірибеміз  мектепке дейінгі мекемелерде дәстүрлі отандық мәдениетке үйретудің оқыту мен тәрбиелеуге ешбір қарама-қайшылықсыз табиғи үйлесуіне мүмкіндік береді. Сондықтан ұлттық мәдениетті игерудің барлық үдерісі балалардың қызығушылығын арттырып, салт-дәстүрді құрметтеу болып табылады. Балабақша бағдарламасына этномәдениетке қатысты материалдарды жүйелі енгізу баланың жеке даму мүмкіншіліктерін кеңейтеді; тек тәрбиелеп қана қоймай, рухани-адамгершілік әлеуетін де ашады.     
Тәрбиешілер мен ата-аналардың ықпалдастығы баланың рухани-адамгершілік тәрбиеленуін қамтамасыз етеді. Осы міндеттің шешілуі ата-аналардың жауапкершілігін арттырады. Балабақша мен отбасы арасындағы байланыс нығаяды.
    Қазақ тілін оқыту үдерісінде құнды қарым-қатынас туралы балалардың түсінігін қалыптастыру үшін жағдай жасаймын. Құндылыққа оқыту арқылы балаларда белгілі, рухани-адамгершілік көзқарас қалыптасады. Балалар әлемге, осы әлемде тұратын адамдарға, өздеріне түсіністікпен қарауға,  өз әрекеттерін, сонымен қатар басқа да адамдардың  адамгершілік қасиеттерін бағалауға үйренеді.
    Осыған сәйкес, сабақтарда және сабақтан тыс уақыттарда балаларды тәрбиелік үдерісте кеңінен қолданылатын әр ұлттың ұрпақ тәрбиелеуіндегі ұлттық ерекшеліктерімен таныстырамын.  
    Қазақ тілі сабақтары кешеннің «Бізді қоршаған әлем» оқу бағдарламасы мен «Менің Қазақстаным» атты парциалды бағдарламасының шегінде тақырыптық бірлік қағидасы бойынша құрылады. Бағдарламалардың мазмұны мектепке дейінгі балаларда қазақстандық патриотизм мен азаматтылықты қалыптастыру міндетін шешетін тақырыптық сабақтар циклын енгізіп, айналаны қоршаған әлем және этномәдени кеңістік туралы балалардың түсінігін қалыптастырады.
    Біздің кешен „Өзін-өзі тану“ пәнін енгізу бойынша Республикалық тәжірибеге енді. Қазақ тілі сабақтарының осы пәнмен пәнаралық байланыс шеңберіндегі ықпалдастығы бар. Сабақтар құрылымына мынадай жұмыс түрлері енгізілген, олар: „Шаттық шеңбері, „Сергіту сәті“, „Жүректен жүрекке“ шеңбері.  „Шаттық шеңберінің“ педагогикалық мәні - әрбір бала өзіне таныс үлкен достық шеңберіне қабылданғанын сезінеді, өзіне сенімі артып және өзгелердің де сеніміне ие болады.  „Сергіту сәтін“ қолдану топта жақсы көңіл-күй тудырады, ұжымға топтасуға ықпал етеді. „Жүректен жүрекке“ шеңбері – әдетте, оқу сабағын аяқтайтын, бір-біріне тілек айтуды қарастыратын және сабақ тақырыбын түсіну дәрежесін анықтауына мүмкіндік туғызатын әдістемелік тәсіл.
    Сабақтар өзінің негізінде кешендік сипатта болады. Балалар видеоматериал көреді, әуен тыңдайды, тәжірибелік қызметке қатысады: аппликация орындайды, халықтық кәсіпке байланысты ұсақ-түйектер жасайды, сурет салады және әртүрлі оюлар қияды, тақпақтар оқиды, дидактикалық ойындар ойнайды. Барлық жұмыс топ тәрбиешілерімен бірлесе отырып құрылған.  Әр жастағы балалар үшін блок бойынша оқудың терминологиялық сөздігі әзірленді. Оқу-ойын қызметінде рухани-адамгершілік және этнопедагогикалық оқыту бағытындағы терминдермен балалардың тілдерін байытуға ұмтыламын.
    Балалардың рухани-адамгершілік дамуы мен тәрбиеленуі Қазақстан Республикасының білім беру стратегиясының негізгі факторы, сондай-ақ халықтың рухани бірлігін қамтамасыз ету, біздің кешен тәрбиеленушілерін дамытудың басты міндеттері   болып табылады.
 

© 2007—2017 Информационный портал Аппарата акима Абайского района